Текст
Бүгін 23.11.2020 жылы мектебіміздің барлық сыныптарында "Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі" тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына қашықтықтан оқыту форматында жалпыреспубликалық өзін-өзі тану пәнінен сынып сағаттары өткізілді. Жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағатында мәңгілік өзгермейтін құндылықтар туралы әңгіме айтылды. Өзін-өзі тану сағатының ерекшелігі-оның интеграциялық сипатында. Өзіңді және қоршаған әлемді тануға мүмкіндік беретін өмірдің түрлі салаларындағы білімдер оқушыларға "бақыт"," бақытты өмір", "өмірдің күші" ұғымдарының шынайы мән-мағынасын ұғынуға көмектеседі.