Текст
Бiлiм алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу мақсатында «Жасыл мекен» атты челленджі өтті. Челлендж білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, адамдарға
деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған. Акцияға мектеп оқушылары және ұстаздар белсенді қатысты.