"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №7 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления оброзования Акмолинской области"

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

"Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 326 қаулысы

        Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 487-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшеріне, көздеріне және оны беру түрлеріне сәйкес мектепте бір мәрте тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлері:
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте тамақтандыру нормалары әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне, түрлеріне 15-қосымшаға сәйкес белгіленеді.»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген мөлшерге  15-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң      
2015 жылғы 25 сәуірдегі
 № 326 қаулысына   
 қосымша       

  Әлеуметтік көмек көрсетілетін 
 азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
 15-қосымша           

   Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте бір мәрте тамақтандыру нормалары           

Атауы

Мектеп жасындағы бір балаға норма
(6 күнге арналып есептелген бір күндік грамм)

6 (7)-10 жас

11-14 жас

15-18 жас

1

2

3

4

Өнімдер

бидай ұны

4

5

7

қара бидай-бидай наны

20

35

40

қалыпты бидай наны

3

4

5

кептірілген нан

2

2,3

3

макароны, бұршақ, жарма

26

35

42

картоп

42

50

57

көкөніс және басқа көкөністер

84

100

118

жаңа піскен жеміс

100

100

100

жеміс шырыны

33

33

33

кептірілген жеміс (құрғақ итмұрын)

1

1

1

қант

7

8

9

бал

5

5

5

ет (сиыр еті)

61

73

80

құс еті

28

33

40

жаңа ауланған балық

22

26

28

сүт, қышқыл сүт өнімдері

106

107

108

сүзбе

12

14

16

сүзбеше

50

50

50

ірімшік

2

3

3

сары май

5

6

8

жұмыртқа

1

3

3

өсімдік майы

11

14

15

кисель

4

4

4

картоп крахмалы

2

2

2

йодталған тұз

1

1,5

2

лимон қышқылы

0,2

0,2

0,2



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Жаңартылған күні: 28.01.2021 15:41
Құрылған күні: 28.01.2021 15:41

Текст