Текст
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
Мектепте жазғы мектеп 26 мамырдан 17 маусымға дейін ата - аналардың өтініші бойынша барлық білім алушылар үшін оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқу жұмыс жоспарын педагогтер меңгерілуі күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, кіші бөлімдер мен оқу мақсаттарын, диагностика нәтижелерін ескере отырып жасады. Оқу материалының мазмұны оқу процесінде білім алушылардың ойлау процестерін дамытуға, ойластырылған шешімдер қабылдау, оларды дәлелдеу, ақпаратпен жұмыс істеу, талдау, салыстыру, қорытындылау біліктерін дамытуға бағытталды.