Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру
№ 7 мектеп-лицейінде 2020 жылы жаз айларында кәмелетке толмағандар арасында қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және жасөспірімдер мен балалардың демалысын ұйымдастыру, денсаулығын нығайтуға қажетті жағдай жасау мақсатында ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Мектепте 5-8 сынып оқушылары арасында мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында экологиялық десанттар ұйымдастырылады. Сонымен қатар ағылшын тілін үйрету мақсатында 3-4, 6-8 сыныптар арасында тіл үйрену ауысымдары жұмыс істейтін болады
Жазғы еңбек пен демалысты ұйымдастыруға жауапты тұлғаларды және жазғы мерзімде жұмыс істеу үшін мамандар белгіленіп,абаттандыру жұмыстары мен мектеп жанындағы аймаққа жауаптылар тағайындалды Оқушылардың еңбегі мен демалысына арналған орын дайындау (оку және демалу кабинеттері , оқушыларды жұмыспен қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылуда.