Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру «Өлкетану балаларға:
ой мен тәжірибе» халықаралық конференциясы
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасымыз жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Осы орайда 2018 жылдың 2 наурыз күні №7 мектеп-лицейінде «Рухани жаңғыру» мақалалық – бағдарламасын жүзеге асыру аясында Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру «Өлкетану балаларға: ой мен тәжірибе» халықаралық конференциясы
өтті. Конференцияны өткізудегі негізгі мақсат-туған жеріміздің тарихына, мәдениетіне, салт –дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру, азаматтардың бойында патриоттық тәрбие ұялату.
Аталмыш іс-шараға солтүстік өңірлерден бір топ ғалымдар келді. Сонымен қатар Ақмола облысның білім бөлімі басшысының орынбасары Б.Дүйсенова қатысты.
Келген қонақтарды қазақ халқының ұлттық аспаптарымен ойналған күймен қарсы алды.Киіз үй алдында «Ауылым-алтын бесігім» атты қазақтың салт дәстүрінен көрініс тамашалады. Сонымен қатар мектеп-лицейінің үйірме жұмыстарында оқушылардың қолымен жасалған ұлттық тағамдар мен қолөнер үлгілерінен көрмеге келіп, әр заттың жасалу жолы мен құрамымен танысты. Содан кейін қонақтарға мектептің спорт залындағы ұмыт болған ұлттық ойындардан өткізіліп жатқан сайыстар көрсетілді.
Іс – шарамыздың жалғасы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру «Өлкетану балаларға: ой мен тәжірибе» халықаралық конференциясымен жалғасты. Конференцияда солтүстік өңірлерден келген бір топ ғалымдарымыз өздерінің баяндамаларын оқып, көрермен назарына ұсынды. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы негізінде өткен осындай іс – шаралар болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды насихаттау барысында маңызы зор екенін айтып өткізім келеді.