«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана
қаласының 20 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» аудандық көркемөнерпаздар
халық шығармашылығы байқауы
«Өнер сатылмайды, өнер бағаланады» деген халық даналығы. Дәстүрге айналған, жыл сайын өтетін «Ақмола жұлдыздары» байқауы әр жылы өнерге жақын жаңа толқындардың үлкен өмірге қанаттарын қағуына септігін тигізіп келеді. Осындай игі іс біздің мектебімізде жалғасын тапты. Ақпан айының 27-ші жұлдызы күні мектебімізде «Рухани
жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» аудандық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауы болып өтті. Байқауға ауданымыздан қадірлі қонақтарымыз аудандық мәдениет үйінің басшысы Д.Қарсыбаева, Аудандық
«Бурабай» газетінің бас редакторы Б.Ракишев және аудандық білім бөлімінің әдіскері Т.Федорова келіп қатысты.
Мерекелік концертімізде қазақ салт дәстүрінен қойылымдар көрсетілді. Астана қаласының 20 жылдығына орай тігілген киім үлгілері дайындалып, қонақтар назарына көрмелер ұсынылды. Сахна төрінде қазақтың күмбірлеген ұлттық аспабы домбырамен күй орындалды. Туған жер, Отан, Елордамыздың 20 жылдығы тақырыбында оқушы бойындағы патриоттық сезімін оятатын әсем әндер шырқалды. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндеріміз Астана қаласының 20 жылдығына арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Мың бұралған бишілеріміз де көреремендердің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ мұғалімдерден және оқушылардан құралған хор өте сәтті орындалды.
Ауданнан келген қадірлі қонақтарымыз ризашылығын білдіріп, өнерге қанат қаққан оқушыларымызды мақтау қағаздарымын марапаттап, сәттіліктер тіледі.