Жас шебер» үйірмесі жемісін беруде
Мектеп-лицейімізде ашылған «Жас шебер» үйірмесіне 9 - сынып оқушыларының қыздары қатысады. Жетекшіміз еңбек пәнінің мұғалімі Кабденова Жанель Нұрланқызы - өз ісінің білікті маманы. Бізге тігін өнерінің қыр-сырын барынша үйретіп жатыр. Көптеген тігу салаларын меңгеріп, тігін машинасын жабдықтап, онымен дұрыс жұмыс жасауды үйрендік. Атап айтсақ, тігін өнерін шығармашылықпен ұштастыра отырып, ер адамның галстугын, әйел адамдарға арналған әдемі, әрі сәнді жаға жасадық. Ер адамдардың және әйел адамдардың киімдеріне қалтаны тігудің жолдарын және қалтаның түрлерін ажырата білуді үйрендік.
«Қолөнер - еңбектің қайнар көзі» оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Ол еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді.
Авторы: Балғабай Н. 9 сынып оқушысы