Бармағынан бал тамған
№7 мектеп-лиейінде «Аспаз» үйірмесі ашылды. Асқа жаны жақын, талғамы жоғары оқушылар осы үйірмеге жазылып, белсенді қатысуда. Үйірменің мақсаты балалардың шығармашылығын, тағам әзірлеудегі мүмкіндіктерін жетілдіру. Бұл үйірмеге екі топтан 20 оқушы қатысады. Бірінші топ 5-7 сынып аралығындағы оқушылардан құралған. Екінші топ 8-9 сынып оқушыларынан құралған. Үйірме сәрсенбі, жұма күндері сағат 15.00 де өтеді.
Қызықты да, талапшыл үйірмеге қабілетімізді тексеру үшін біз де жазылдық. Осы уақыт ішінде жетекшіміз Жансейітова Клара Серікқызы өз білгенін үйретуден жалықпай бізге жаңа дүниелерді танытты. Бұл үйірмеде біз ас үй туралы мағлұматымызды тереңдетеміз, дастарханды қалай дұрыс әрлеу керектігін, бұрын – соңды әзірлеп көрмеген тағамдарды (канапэ, тарталетки, демиглаз) жасап, көкөністер мен жемістерден түрлі формаларды жасауды, салаттардың, сусындардың түрлерін, ұлттық тағам түрлерін жасауды үйрендік. Сонымен қатар тәжірибиеден өту үшін «RIXOS» қонақ үйіне барып, итальян және түрік тағамдарымен танысып қайттық.Жыл соңына дейін әлі де қажетті заттарды үйренеміз деген сенімдеміз. «Ас – адамның арқауы» демекші тағам әзірлеу әр адамға керек деп білеміз. Егер біздің үйірме сіздерді қызықтырса, келушілерге есігіміз әрқашан ашық.
Орындаған: Бекболатова Ж. 9 - сынып оқушысы