Текст
Спортшыларымыздың мерейі үстем болсын!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған №7 мектеп – лицейінде 2016 жылдың 10 желтоқсанында волейболдан мұғалімдер арасында облыстық турнир өтті. Турнирдің мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және мұғалімдердің денсаулығын нығайту болды. Турнирге Астана, Көкшетау, Теникалық колледж, ОШ және ЭК, «Мирас» мектеп – гимназиясы , №7 мектеп – лицейінің командалары қатысты. Әр команда құрамы 10 адамнан құралды. Ойын нәтижесі бойынша І орынды Астана құрамасы, ІІ орынды Көкшетау ойыншылары иеленсе, ІІІ орынға №7 лицей құрамасы ие боды, Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!.
Орындаған: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – А.Биримжанов