Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты алдын алудың жолдары
Қазіргі кезде қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. №7 мектеп-лицейінде 2017 жылдың 19 қаңтарында кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспектор Курманбаева Айғаным Демкешовна 6,7,8 сыныптардың оқушыларына «Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты алдын алудың жолдары» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.Іс-шараға 400 оқушы қатысты. Бұл кездесуді ұйымдастырудың мақсаты, оқушылардың құқықтық білімдерін арттыра отырып, заң алдындағы жауапкершілікті сезіне білуін, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру болды. Дәріс оқу барысында Курманбаева Айғаным Демкешовна кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы жалпы құқықбұзушылық пен әкімшілік құқықбұзушылық туралы толық мәлімет берді. Дәріскер мен оқушылар арасында кері байланыс орнатылды. Оқушылар белсенділіктерін көрсете отырып, өз тарапынан қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарына толық жауаптарын алды. Болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарайды деген сеніммен дәріс сабағы өз мақсатына жетті.