Семинар практикум
№7 мектеп-лицейінде аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Педагогикалық шеберлік қырлары» атты педагогикалық тәжірибие панорамасы аясында 2017 жылдың 20 қаңтарында «Сабақ жүргізудің белсенді әдістері мен оқушылардың оқу жетістігін бағалау» тақырыбында семинар практикум өтті. Бірінші теориялық бөлімі орыс тілі пәнінің мұғалімі Ү.К. Габдулина «Оқытудың белсендәдістері» атты баяндамасымен басталды. Баяндама барысында сын тұрғысынан ойлаустратегиялары мен жаңа белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарыайтылды. Сонымен қатар орыс тілі пәнініңмұғалімі А.Т. Биболова «Оқу үрдісін белсендендіруде формативті бағалау менрефлексияның рөлі» тақырыбы бойыншатәжірибе алмасты. Өз баяндамасындамұғалімдерді рефлексияның түрлерімен таныстырып, сабақта қолданудың жолдарын көрсетті.
Семинар-практикумның екінші практикалық бөлімінде әр кафедра мұғалімдері интербелсенді әдістерді қолдана отырып, сабақтан үзінділер көрсетті. Бірінші болып «Шет тілдер кафедрасы» «Даңқ аллеясы» әдісін сабаққа А.С.Пушкинді қатыстырып, оған оқушылардың сұрақ қоюы арқылы автордың биографиясын немесе кез-келген тақырыптағы сабақты бекіту кезінде қолдануға болатынын көрсетті.«Болашақ» кафедрасы «Кубизм» әдісі мен «Раундробинг» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашуда, және қайталауда қолдануға болатыны көрсетті. «МИФ» кафедрасы математика, физика, информатика сабақтарында сабақтың тақырыбын актуализациялау, тақырыбын оқушылардың өздеріне табуға болатын жолдары мен практикалық сабақтарын көрсетті.
«Тіл және тарих» кафедрасы мұғалімдерінің қатысуымен «Орта ғасырлардағы батырлар» тақырыбына 10 минутта толық сабақ кезеңдерін қамтыды. Сабақтан үзінділерді көрсетуді бастауыш сынып мұғалімдері кафедрасы аяқтады. Бастауыш сынып мұғалімдері «Ғарышқа саяхат» тақырыбы бойынша «Алты қалпақ» әдісін көрсетті. Әр кафедра өзара бір бірін алдын ала анықталған бағалау критерийлері арқылы бағалап отырды. Бағалау критерийлеріне интербелсенді әдістерді қолдану, рөлге кіру және уақытты сақтау жатты. Семинар – практикум жас мамандарға өте көп пайдасын тигізді.
Орындаған: «Лицей»медиа орталығының жетекшісі – Г.Б.Джакупова