«Лицей барысы» анықталды
2016 жылдың 8 желтоқсанында №7 мектеп – лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына арналған қазақ күресінен «Лицей барысы» байрақты бәсекесі болып өтті. Қазақ күресін өткізудегі мақсат, өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа, өз елін қорғау мен еліне адал қызмет етуге баулу. Аталған іс-шараға Бурабай ауданы білім бөлімінің басшысы Төлегенов Жангелді Мейрамұлы және самбодан әлем чемпионы, самбодан екі дүркін Азия чемпионы, екі дүркін Ақмола барысы, Қазақстан барысында Ақмола облысының намысын қорғап жүрген Нұрлан Жамалов қадірлі қонағымыз болды. Бұл жарысқа өз бақтарын сынау үшін лицейіміздің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Лицей барысына жалпы 14 оқушы бақтарын сынады. Қатысушылар қапшықта нөмірлеген асықтарды тартып, таңдалған нөмірлері бойынша боз кілемге шықты. Ақтық кезеңге 9-сынып оқушысы Балташев Сұлтанмен 11-сынып оқушысы Атабек Нұргелді шықты. Жекпе-жек өте тартысты өтті. Ақтық кезеңде таза жеңіске Атабек Нұргелді жетті. «Лицей барысы» Атабек Нұргелдіні жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Орындаған: Жаркеев Азамат Нурланович