"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №7 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления оброзования Акмолинской области"

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп мақтанышы

06.03.2017

Мектеп мақтанышы

«Бала дауысы» - «Жандану әлемі» қорының республикалық деңгейдегі жаңа жобасы. Бұл байқаудың басты мақсаты – елімізде мекен еткен әр ұлт тіліндегі жаңа балалар әндерін насихаттау арқылы балалардың  музыкалық  шығармашылығын дамыту және білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. 23 мамырдан  белгілі композиторлар мен атақты ән орындаушылардан құрылған Қордың шығармашылық тобы республикамыздың облыс орталықтарында іріктеу кастингтерін жүргізу бойынша жұмысын бастады. Байқауға қатысушылар жеті мен он үш жас аралығындағы жасөспірімдер  болды. 16 шілде күні облыстық филармония залында Ақмола облысының жас дарындыларының кастингі өтті. Біздің мектептен байқауға 6 «б» сынып оқушысы Махамбетов Әділхан қатысып, бағын сынады. Әділхан екінші кезеңге жолдама алып, телевизиялық түсірілімге қатысты.

Әділхан 15 қазан айынан бастап 11 қарашаға дейін Алматы қаласында еліміздің атақты әншісі Ademi  деген  тәлімгердің жетекшілігімен финалға дайындалды. 12 қараша күні Астана қаласында «Бала дауысы» жобасының финалы өтті. Біздің оқушымыз өзінің ең алғашқы авторлық әнін жақсы орындап шықты. Қарашаның он екісінен бастап  он үшіне дейін барлық Ақмола облысының көрермендері Әділханды қолдап, өз дауыстарын  смс арқылы жіберді. Қараша айының 13 жұлдызында байқаудың суперфиналында Әділханымыз өз тәлімгері Ademi-мен  «АБК» тобының «Тамшылар» атты әнін керемет орындап, «Бала дауысы» жобасының лауреаты  атанды. Қараша айының 15 жұлдызында кешкі сағат 21:00 – де   Әділханды сыныптастары мен сынып жетекшісі, туған-туысқандары, достары  темір жол вокзалында қарсы алды.

 

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст