"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №7 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления оброзования Акмолинской области"

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әжелер - көңілдің ажары

10.03.2017

Әжелер - көңілдің ажары

6 наурыз күні № 7 мектеп – лицейінде 3-4 сыныптар арасында «Әжелер -көңілдің ажары» атты әжелер сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: ұлттық дәстүрді насихаттау, өскелең ұрпақтың үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу және әжелерді мектеп өміріне тарту арқылы ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. Сайысқа 3 «А» сыныбынан Кабира әжей, 3 «Б» сыныбынан Майра әжей, 4 «А» сыныбынан Зағипа әжей, 4 «Ә» сыныбынан Балғия әжей және 4 «В» сыныбынан Клара әжей қатысты. Сайыс өзін - өзі таныстыру, бесік жыры- тәрбиенің қайнар көзі және ұлттық салт – дәстүрден көрініс кезеңдерінен тұрды. Сайыскерлер сайыстың кезеңдеріне аса жауапкершілікпен дайындалған, яғни олар өз отбасыларын жан – жақты таныстыра білді, бесік жырын да нақышына келтіріп орындап берді.  Ал ұлттық салт –дәстүр кезеңінде бесікке салу, тұсау кесу, ашамайға отырғызу, кірнені емдеу және баланы қырқынан шығару дәстүрлері көрсетілді. Сайыс кезеңдерінің арасында оқушылар өз  өнерлерін көрсетті.

Сайыстың соңында әділқазылар алқасы қорытынды шығарды. Қорытынды бойынша Кабира әжей «Бұлбұл  әже» номинациясын, Майра әжей «Білгір әже» номинациясын, Зағипа әжей «Мейірімді әже» номинациясын, Клара әжей «Шежіре әже» номинациясын жеңіп алды. Ал сайыстың жеңімпазы 4 «Ә» сыныбындағы Диастың әжесі -  Балғия әжей атанды.

Сайыстың соңында әжейлер естелік суретке түсіп, нәзік жанды арулар мен аяулы аналарды мейраммен құттықтап, ән шырқап берді.

Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі - Жетписбаева Б.К

 

 

Просмотров: 305


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст