Лицей аруы- 2017
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай №7 мектеп-лицейінде 6 наурыз күні 7-10 сынып қыздары арасында «Лицей аруы – 2017» мектепішілік байқауы өтті. Байқау «Таныстыру», «Өз өнерін көрсету», «Сән үлгісі» сияқты 3 кезеңнен тұрды. Бұл шараның мақсаты: қыз баланы ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп тәрбиелеу, лицей аруын анықтау болды. Әр сыныптың қыздары әр кезеңге аса жауапкершілікпен қарап, өзіндік шығармашылықтарымен ерекшеленді.
«Таныстыру» кезеңінде бейне роликтер, презентациялар қолдана отырып әр қатысушы өзі және отбасы туралы өлең шумақтарымен таныстырды. Ал, «Өз өнерін көрсету» кезеңінде қатысушылардың бұрын - соңды байқалмаған қырларын көрдік. «Сән үлгісі» кезеңінде сайыскерлер күнделікті өмірде қолданатын заттардан киім үлгілерін дайындап көрсетті. Киім үлгілері бірінен – бірі асып, көз жауын алды. Соңында әділ қазылар алқасына сөз беріліп, номинациялар бойынша қатысушыларды марапаттап, лицей аруы деп 7 «В» сынып оқушысы Кабденова Асельді анықтады.
Орындаған: технология пәнінің мұғалімі Кабденова Ж.Н