Наурыз мерекесі
Самарқанның көк тасы еріп, тіршілік атаулыға жылулық әкелетін молшылық мейрамын №7 мектеп-лицейі наурыз айының оныншы жұлдызы мен жиырмасыншы жұлдызы аралығында тойлады. Онкүндік аясында түрлі шаралар аталып өтті. Онкүн бойы ұстаздар мен оқушылар ұлттық киімдерін киіп жүрді. Мектеп ауласында,ішінде қазақ үй тігілді. Ашылу салтанатында дастарқан жайылып, Қыдыр атаның батасын алды. Сал –серілер ән шырқап, шашу шашылды. Балаларжарапазан айтып, би-билеп, ән айтты. Бастауыш сынып оқушыларынан бастап, жоғарысынып оқушылары этноауылдарға, яғни тігілген киіз үйлерге саяхат жасады. Киізүйдің құрылымымен, ішінде орналасқан жабдықтармен таныстырды. Мектеп ішінде 9сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен салт-дәстүрлерстанциясы жасалып, құда түсу, қыз ұзату, тұсаукесер, қырқынан шығару, қазаншегелеу сияқты әр станцияда ұлттық ойындар,дәстүрлер көрсетілді. Оқушыларқазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде орын алатын дәстүрлер туралы мәліметтералып, көзбен көріп, тамашалады. Соымен қатар Наурыз мерекесіне арналған сыныпсағаттары, 7 «Б» сыныбында «13 жас - мүшел той» ашық тәрбие сағаты өткізілді.Онкүндіктің жабылуында мерекелік концерт қойылып, наурыз көжеден дәм татты.
Лицей» медиаорталығының жетекшісі Г.Б.Джакупова