Бурабай барысы анықталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай №7 мектеп-лицейі ұжымының ұйымдастыруымен қазақ күресінен «Бурабай барысы» аудандық турнирі өтті. Турнирге «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту Қорының атқарушы директоры Арман Шураев және «Қазақстан Барысы» турнирінің үш мәрте жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев сынды меймандар шақырылды. Құрметті қонақтарды оқушылар күмбірлеген күй мен әсем әндерімен қарсы алып, мектеп лицейінің кіші залында жас палуандармен кездесу өтті. Кездесу барысында болашақ палуандарға ақыл кеңестерін айтып, өздері жайлы айтып берді. Бурабай барысы турниріне қазақ күресінің сегіз палуаны қатысып, күш сынасты. Қызықты да, тартысты жарыс нәтижесінде өзінің шеберлігімен жанкүйерді тәнті еткен Нұрлан Жамалов сенімді жеңісіне жетті. Екінші орынға Сейітхан Мағжан, 3 орынға Нұрлан Рауят ие болды. Бурабай барысы Нұрлан Жамаловқа жүз елу мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Жеңімпаздарға және ақтық сынға жетпеген қатысушыларға да сыйақы берілді. Өткізілген іс-шара жанкүйерлердің әсіресе, жас палуандардың армандарына қанат бітірді деген ойдамыз. Келген қонақтар да, көрермендер де ризашылдығын білдірді.
«Лицей» медиаорталығының жетекшісі Г.Б.Джакупова