Ардагерлерге мәңгі тағзым!
Сәуір айының 22-і жұлдызында №7 мектеп-лицейінде Жеңістің 72 жылдығына арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагері - Кутепов Леонид Данилович, ауған соғысының ардагері - Огородников Александр Николаевич, Бурабай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы – Жумагулов Малгелді Қайыржанович және еңбек ардагері – Жандаева Бибігүл Бейсенбайқызы қатысты.
Ел қаһармандары алдымен өздері және соғыс жайында мәнді әрі нақты деректерді келтіріп, сұрапыл соғыстың майданын көз алдымызға елестетіп, әңгімесін айтты. Бейбіт күннің қадірін түсіндіріп, оқушыларға жақсы білім алып, болашақтарының жарқын екенін айтты. Оқушылар ардагерлерге сұрақтарын қойып, біраз ақпараттар алды. Кездесудің екінші бөлігінде ардагерлерді құттықтап, оларға әсем ән мен би арнады.
Бүгін біз Жеңіс күніміздің жетпіс екінші көктемін қарсы алудамыз. Егеменді ел болдық, жеріміз көркейіп, еліміз қарқындап даму үстінде. Міне, осындай ардагер ақсақалдар болғаны үшін біздер бақыттымыз. Жеңіс күнімен құттықтап, осы күнге жеткізгендері үшін алғысымызды білдіреміз.
Лицей» медиаорталығының жетекшісі Г.Б.Джакупова