"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №7 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления оброзования Акмолинской области"

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МИФТ апталығының қорытындысы

26.04.2017

МИФТ апталығының қорытындысы

 

№7 мектеп - лицейінде 10 сәуір мен 17 сәуір аралығында нақты ғылымдар - математика, информатика, физика және технология пәндерінің «ХХІ ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты апталығы өткізілді. Бұл апталық өте жауапкершілігі мол әрі қызықты болып өтті. Апталық аясында бұл пәндер бойынша оқушылардың танымдық қабілеттері арттырып, пәнге деген қызығушылығы тереңірек дамыту, сондай-ақ оқушыларды логикалық ойлау өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі сөзжұмбақтар, логикалық есептер құрастырылып, геометриялық фигуралар көрмесі, қолөнершілер көрмесін ұйымдастырумен қатар түрлі іс-шаралар жүргізілді. Жоспар бойынша математика, физика және информатика пәндерінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізілу жоспарланды. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті. МИФТ апталығы аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді.

Сонымен қатар үлкен қоңырау кезінде 5-6 сынып оқушыларына қозғалмалы және логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында ойындар ойнатылды. Барлық оқушылар ойындарға белсене, қызыға қатысты.

Бұл іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақта және сыныптан тыс дамытуға, яғни, оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.

Атақты орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек», – деген болатын. Ал осы апталық арқылы математика ғана емес, физика, информатика секілді ғылымдардың жұмбақты да, тартымды әлемімен тағы бір мәрте танысып, ол әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне оқушыларымызға жеткізе білдік.

Апталықта өткізілген ашық сабақтар, интеллектуалды және танымдық сайыстар өз деңгейінде өтті. Жалпы апталық аясында өткізілген барлық іс-шаралар оқушылардың көңілінен шығып, соңы апталықтың жабылу кешімен аяқталды. Сондай-ақ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сураганов Дамир Шоқанұлы апталықты қорытындылап, белсене қатысқан оқушылар мен түрлі сайыс жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен марапаттады.

 

 

МИФТ кафедрасының математика пәні мұғалімі: Г. Кысабекова

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст