Мемлекеттік емтихандар тапсырылды.
Жаңа ережеге сай 2016-2017 оқу жылында №7 мектеп-лицейінің барлығы 51 оқушы, соның ішінде бес «Алтын белгі», екі үздік аттестат үміткерлері қорытынды аттестацияны 5 пәннен тапсырды, оның ішінде төрт міндетті пән (қазақ тілі, орыс тілі, алгебра мен анализ бастамасы, Қазақстан тарихы) және таңдау пәні (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы немесе жаратылыстану-математикалық бағыттағы). Түлектеріміз барлық ережеге сай 2017 жылдың 29 мамыр – 9 маусым аралығында мемлекеттік емтихандарын тапсырды. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен жазбаша емтихан қазақ тілінде берілген тақырыптардың біреуін таңдап, берілген 3 сағатта жазып шықты. Алгебра мен анализ бастамаларынан жазбаша емтихан. Оған 5 сағат (300 минут) берілді. Онда берілген 5 тапсырманы орындады. Қазақстан тарихынан ауызша емтихан, яғни билет арқылы әр билеттегі 3 сұраққа жауап берді. Төртінші орыс тілінен тест тапсырды. Тестке 80 минут берілді. Онда 40 сұрақ болды: 20 сұрақ лексикалық-грамматикалық, «Тыңдау» – 10 сұрақ, «Мәтін оқу» -10 сұрақ. Соңғы бесінші пән таңдау пәнінен тестілеу болды. Мектеп бітірушілеріміздің барлығы мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсырып, «Алтын белгі», үздік аттестатқа үміткерлеріміз өз білімдерін дәлелдеп шықты.
Лицей» медиаорталығының жетекшісі: Джакупова Г.Б.