Сәт сапар жас түлек
Маусым айының он екінші жұлдызы №7 мектеп - лицейі үшін елеулі күн болды. Білім ордасында алғаш рет «Жас түлек- 2017» мектеп бітірушілердің салтанатты кеші өтті. Кеште Бурабай аудандық маслихатының хатшысы Бейсенов Өтелбай Төлеуұлы және білім бөлімінің басшысы Тулегенов Жангелді Мейрамович құттықтау тілектерін жолдап, түлектерімізге жалпы орта білімді аяқтау куәліктері мен алтын белгілерін табыстады. Сонымен қатар «Алтын белгі» иегерлеріне білім бөлімінің атынан ноутбук сыйлады. Мектеп-лицейін барлығы 51 түлек, бес оқушы алтын белгіге, екі оқушы үздік аттестатқа аяқтады.
Мектептен түлеп ұшқан шәкірттер орта білімін дәлелдейтін куәліктерін алып, мектеп бітіру кешін алтын ұяларында өткізді. Әсем көйлек киген бойжеткендер мен сымбаты келіскен бозбалалар салтанатты кештің бас кейіпкерлері болды. Қимастық сезімдері басым болған түлектер, үлкен өмірге жолдама алды.
Лицей» медиаорталығының жетекшісі: Джакупова Г.Б.