Мектепке жол акциясы.
Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы тамыз айының 1 жұлдызы мен қыркүйек айының 25 аралығында өтті. «Мектепке жол» акциясы аясында жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан және жетім, ата-аналарының қамқорынсыз қалған оқушыларға қолдау көрсету мақсатында №7 мектеп-лицейінің он оқушысына аудандық орталық Мешітінің демеушілігімен мектеп формасы, кеңсе тауарлары, спорт киімдері алып берілді. Сонымен қатар Жалпыға бірдей білім беру қорынан алты оқушыға жаңа оқу жылына дайындалуына көмек көрсетілді. Олар спорт киімдерімен, мектепке қажетті кеңсе тауарларымен, мектеп формасымен қамтамасыз етілді.
Әлеуметтік педагог: Қалмағанбетов А.О