"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №7 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления оброзования Акмолинской области"

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жемқорлыққа жол жоқ!

09.10.2017

Жемқорлыққа жол жоқ!

Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер,сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Осы жұмысты біз негізге ала отырып,қыркүйек айының 23 жұлдызында №7 мектеп-лицейімізде «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырып аясында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысымен таныстырдық.Мектебімізге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Братаева Райхан Қазизқызы, мемлекеттік қызмет департаментінің бақылау басқармасының бас маманы Сүлеймен Ербаян Құрманжанұлы, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В.Гамазов, Бурабай ауданының әкімінің орынбасары  М.Нурпанова, аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Төлегенов, Ақмола облысының  бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының басшысы М.Закиров  сияқты құрметті қонақтар келіп, мектеп оқушыларының  жасаған жұмыстарымен танысты. Ең бірінші қонақтар аудан бойынша «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысымен танысты.

Оқушылардың жемқорлық тақырыбына салған суреттері мен бейнероликтарын тамашалады. Содан кейін мектебіміздің «Адал ұрпақ» еріктілер  клубының жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Султанова жетекшілігімен клуб мүшелерінің жұмыстарымен таныстырып өтті. Ал 11 сынып оқушысы Бектасова Бекзат оқушылардың салған суреттерінің мазмұнын ашып таныстырса,  Ахметова Индира адал ұрпақ клубының қабырға стендін таныстырды. Жұмыстарды таныстырып өткеннен кейін «Адал ұрпақ» еріктілер  клубының мүшелері,  6-8 сынып оқушылары шынайылық пен әділеттілік тақырыбына арналған шағын өнегелі көрініс қойды.Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан  Республикасы азаматтарының азаматтық борышы   деген ұстаныммен келген қонақтар жасаған жұмыстарға разы болып, ұйымдастырылған көрмелерге тәнті болды.

№7 мектеп-лицейінің тәлімгері Жамиля Тайтлеуова

 

Просмотров: 310


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст