«Қарттарым-асыл қазынам!»
Қарт дегеніміз- ағып жатқант дария,теңіз іспеттес.Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні,тұңып жатқан тарихымыз. Қарттар күніне орай қазанның 6 жұлдызында «Қарттарым –асыл қазынам!» атты кішігірім кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш лицей директоры Ж.Қайрмденов қарттар күнімен құттықтап,жылы лебіз білдірді.
Кездесу кешінде оқушылар өз шығармаларынан өлең оқып, түрлі сұрақтар қойып,ән шырқады.Қарттарымызбен түрлі сұрақтар қою арқылы сұхбат жүргіздік.Кеш соңында оқушылар қарттарымызды ізгі тілектерімен және кішігірім сыйлықтарын тарту етіп, барлық қатысқан оқушылар және ұстаздардар
қарттарымызбен естелікке фотосуретке түсті.
№7 мектеп-лицейінің тәлімгері Жамиля Тайтлеуова