«Алтын күз»
«Диқан наны –адал
Сен диқанмен қатынас, аралас,
Сонда болар тәтті тағам, адал ас» -деп ұлы Баласағұн бабамыз айтқандай, оқушыларды еңбек етуге, ел ырысын құрметтеуге және адам еңбегін бағалай білу мақсатында мектебімізде 1-10 сыныптар аралығында мектепшілік іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Алтын күз мерекесі мектебімізде жылдан-жылға тойланып келе жатқан дәстүрлі мерекеміздің бірі. 12 қазан күні мектебімізде «Алтын күз» мерекесі өтті. Мерекеге 1-4 сынып оқушылары
қатысты. Мерекені Күз ханшайымы мен оның көмекшісі жүргізді. Әр сынып жемістер, көкөністер, дәнді дақылдар болып киініп,өз өнерлерін паш етті. «Күз сыйы» атты табиғи материалдан, күзгі көкөніс, жемістерден жасалған көрме де ұйымдастырылды. Ол көрмеге барлық сыныптар ат салысты. Түрлі табиғи материалдардан жасалған заттар мен тағамдар көздің жауын алды. Мереке 2 «А» сынып оқушысы Васильева Маликаның орындауындағы бимен және 1 «Ә» сынып оқушысы Асыл Інжудің орындауындағы «Көңілді күн» әнімен аяқталды.
Ал 5-8 сыныптар аралығында «Арайлы алтын күз» атты ханшайым мен ханзадалар сайысы өтті. Сайыс әдеттегідей 6 бөлімнен тұрды: таныстыру, сұрақ- жауап сайысы, үй тапсырмасы, өз өнерін көрсету, күзгі сән өнері, аппликациялар дайындап келу. Бұл бөлімнің барлығына да сайыскерлеріміз қызығушылық танытып, өте жоғары деңгейде ат салысты. Әрбір сынып өздерінің ерекше қиялдарымен көзге түсе білді. Алдағы уақыттарда үлкен тәрбиелік шараларға осылай белсенді түрде қатысып жүрсе деген үміттеміз.
Оқу ісінің меңгерушісі Насредин Рахмамбердіұлы оқушылар мен қонақтарды күздің мерекесімен шын жүректен құттықтады. Оқушылардың сайыста көрсеткен өнерлеріне көңіл толғанын, ата-аналарға балаларына көмек көрсетіп, киім дайындағанына, сәнді де мәнді дастарқандарына шын риза болғанын
жеткізді.Барлық сыныптар «Өнерлі өрге жүзер», «Шебердің қолы ортақ» және «Ең таңдаулы костюм» атты номинацияларға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
№7 мектеп-лицейінің тәлімгері Жамиля Тайтлеуова