Сыңғырла соңғы қоңырау.
25 мамыр күні №7 мектеп-лицейінде «Қош бол, алтын ұя мектебім!» жылдағы үрдіспен салтанатты жиын болып өтті. Жиында Бурабай ауданы білім бөлімінің әдіскері Қосыбаева Асия Таупыққызы, Бурабай газетінің директор-редакторы Ракишев Болат Сабырович, Кадет корпусының басшысы Кабдуллинов Руслан Тулегенович және №7 мектеп-лицейінің директоры Қайрмденов Жомарт Жамбылұлы 2016-2017 оқу жылының аяқталуымен және мектеп-лицейіміздің алғашқы түлектерін, ұстаздар қауымын және жиналған жұртшылықты соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі. Мектеп бітіруші түлектер 10 сынып оқушыларына «Білім кілтін» табыстады. Мереке жалғасы оқушылардың дайындаған ән-жырларымен және түлектердің қоштасу вальсімен жалғасты. Соңғы қоңырауды 1 сынып оқушылары мен 11 сынып оқушылары соқты. Осылайша сыңғырлаған қоңырау үнімен қоштасқан мектеп бітіруші түлектер ұстаздар қауымымен қимай қоштасты. Мерекелік жиын өте жақсы дәрежеде өтті.
Лицей» медиаорталығының жетекшісі: Джакупова Г.Б.