"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №7 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления оброзования Акмолинской области"

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру

23.10.2017

Рухани жаңғыру

           Қазіргі

қоғамда ерекше талқылауға ие болып жатқан түсініктердің бірі-«Рухани жаңғыру». Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. 

           Н.Ә Назарбаев жыл басындағы халыққа жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы

басталғанын жариялады.Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі

– саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алуымыз керек. Мақсатқа жету

үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың

өзегіне айналады.

          Сол сияқты 1 қыркүйектен бастап мектебімізде  мұғалімдермен

және мектеп оқушыларының  жетекшілігімен

қарт адамдарға арналған  кездесу кеші өткізілді.

Қарттарға арналған кездесу кешіміздің тақырыбы: «Қарттарым-асыл қазынам!»

Кездесу кештің басты мақсаты:

оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге,

үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды

құрметтеуге тәрбиелеу.

           Бағдарламаны іске асыру шеңберінде "Рухани жанғыру" мектебімізде «Бүкіләлемдік

туризмдер» күніне орай ашық жиын өткізіліп, мектеп оқушыларының қатысуымен

түрлі спорттық ойындар жүргізілді.

«Туған жер «жобасы бойынша мектебімізде  6 «ә» сынып оқушылары,сынып жетекшісінің

жетекшілігімен табиғат аясына саяхатқа шықты. Саяхат барысында  табиғат аясында ойындар ойнап, өздеріне туған

жер жайлы қызықты мәліметтер алды.

         Мектебімізде осы бағдарлама аясында "Денсаулық-басты

байлық " атты спорттық 

фестиваль  өткізілді. Фестивальдің

мақсаты:  жас ұрпаққа адам денсаулығының

қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.Тазалыққа,

спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттауболып

табылады.

          Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер, 

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды

жұмыс жүргізуде. Осы жұмысты біз негізге ала отырып «Жемқорлыққа жол жоқ»

тақырып аясында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыстарымен жәнеде қабырға

стендтарымен келген қонақтарды таныстырып өтті.

Елбасымыздың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы - қоғам дамуына тың серпін

беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл

игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың

міндетіміз.

Просмотров: 289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст