«Алтын микрафон»байқауы
Қазанның 25 жұлдызында мектебімізде бастауыш сыныптар онкүндігіне орай музыка мұғалімі Байжанова Ж.М ұйымдастыруымен “Алтын микрафон” байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасау, оқушылардың сахнада тұру мәдениеті мен өнерге деген қызығушылықтарын анықтау.Оқушылардың өнерін шыңдайтын байқауға 13 оқушы қатысты. Жас өнерпаздардың талантын шыңдап “Алтын микрафон” байқауының ауқымы кеңейіп, жоғары деңгейде өткізілді. Байқауға қатысушылар ескі әуендер мен қатар заманауи хиттерді де орындады. Қазақ, орыс, ағылшын, тілінде де әндер шырқалды.Байқау қатысушылары өздерінің әншілік өнерлерін, өздерін сахнада дұрыс ұстай алатындығын бізге танытты. Барлық қатысушылар өте жақсы дайындалып, көрермендер мен әділ-қазылар алқасын қуантты.Байқау қорытындысы бойынша біздің 3 «А»сыныбының оқушысы «Ассаламағалейкум» атты әнді жақсы орындап, сахнада өзін жақсы ұстай алатындығын көрсетіп,І орын иеленді Әділ-қазылар алқасы барлық қатысқан оқушыларға номинациялар беріп жеңістерімен шын жүректен құттықтады,ал І орын иегерін мақтау қағазымен және «Алтын микрафон» статуэткасымен марапаттады.
№7 мектеп-лицейінің тәлімгері Жамиля Тайтлеуова