Текст
«Жігер» апталығының ашылуы.
Қарашаның жиырма бесі күні мектебімізде «Жігер» апталығының ашылуы өткізілді. Мектебіміздегі апталықтың өткізілу мақсаты оқушылардың музыкаға,спортқа ,көркемөнерге қызығушылықтарын арттыра отырып
салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Апталықтың ашылуы 4«А» сынып қыздарының мың құбылта билеген гимнастикалық биімен ашылды. Мектеп әкімшілігі «Жігер»апталығының ашылуымен барша оқушыларды, мұғалімдерді құттықтады. Ашылу салтанатында 10-сынып қыздары спорттық флешмоб билеп, балаларды да билетті және 4-сынып қыздары «Қазақстан Отаным менің» әнін орындады. Кафедра жетекшісі апталықтың жоспарымен балалар мен мұғалімдерді таныстырып өтті. Оқушыларды осы апталықта өтетін іс- шараларға белсенді қатысуға шақырды.