Текст
Облыстық волейбол турнирі
25 қараша күні №7 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған волейболдан қыздар арасында облыстық турнир өтті. Жарыс өте жақсы жоғары деңгейде өтті. Волейбол турнирін өткізудегі мақсат, өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл жарысқа Астана , Көкшетау, Макинск, Щучинск қаласы және №7 мектеп-лицейінің қыздар құрама командасы қатысты. Бір күнге созылған жарыста 3 орынға Щучинск қаласы, 2 орынға Көкшетау қаласы, 1 орынға Астана қаласы ие
болды. Жеңімпаздарды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!