2017 жылы 27.11-01.12 аралығында
Көкшетау қаласында тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында Ақмола облысының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа барлығы 160 ұлдар мен қыздар қатысты.
Жарысқа қатысушылар 5 топқа бөлініп, 10 алтын 10 күміс, 10 қола медаль сарапқа салынды.
4 күнге созылған жарыс нәтижесі бойынша Бурабай ауданының құрама командасы 3 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.
2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында сыңға түскен Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Изахметов Рауан Ақмола облысының чемпионы атанды. Рауан аталмыш чемпионатқа үшінші рет қатысып, алғашқы жылы күміс медаль олжаласа, соңғы екі жыл чемпион атанды.
Оқушыларды жарысқа дайындаған Абылкасов Жұматай Базарович. Оқушылар мен бапкерін шын жүректен құттықтаймыз. Алға қойған мақсаттарына жете берулеріне тілектеспіз.