Текст
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы.
№7 мектеп-лицейінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»атты 5-8 сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт өтті.Мерекелік шара барысында Елбасының балалық шағына саяхат жасалып, бейнероликтер көрсетілді. Сегізінші сынып оқушылары Елбасымыздың өмірінен шағын
қойылым қойды. Оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, мәнерлеп өлең жолдарын оқып, Елбасына деген құрметтерін, Отанына, туған жеріне деген ыстық ықыластарын, сезімдерін көрсете білді. Өнерпаздар патриоттық ән мен жырдан шашу шашса, бишілер мың бұрала билеген билерімен тәнті етті.