"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №7 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления оброзования Акмолинской области"

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Буккроссинг

14.12.2017

 

КІТАП – БАР ҒЫЛЫМНЫҢ БАСТАУЫ

         

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп жатыр.   Сондай айтулы шаралардың бірі балалар арасындағы көркем шығармаға  деген қызығушылықтарын ояту мақсатында жүргізіліп отыр.  Қазіргі уақытта оқушылар арасындағы кітап оқуды қызықтыру  бағытында №7 мектеп-лицейінің ұйымдастырып отырған іс-шараларының бірі – буккроссинг.  Буккроссинг – еркін кітап алмасып оқу деген түсінікті береді. Бұл көптеген әдеби шығармаларды оқудың және оны  таратудың керемет тәсілі.

Мектебіміздің 10-11 – сынып оқушылары өздерінің оқыған кітаптарының кейіпкерлері туралы қызықтыра әңгімелеу арқылы басқа да оқушылармен алмасты. Мысалы 11 – сынып оқушысы Мұрат Аселдің өз үйінің кітапханасынан алып келген   М.Әуезовтің «Көксерек» повесінің шытырман оқиғасы барлық 5-7 – сынып оқушыларын қызықтырып, оқушылар көңілінен шықты сондай-ақ сол кітап көп қолданыста болды. Шетел әдебиеті классигі В.Стивенсонның «Қазыналы арал» кітабын 8 – сынып оқушысы Алибекова

Алтынгүл  6 – сынып оқушыларына усіндіріп, ондағы көркем суреттегені жайында қызықтыра алды және де  бірден ол кітапты алмастыра оқып шықты. 

Сонымен қатар бастауыш сыныптар арасында ертегі кітаптарын алмастырып оқу іс-шарасы жүргізілді. Мектептегі өткізілген бұл іс – шара оқушылардың үздіксіз кітап оқуына, кітапқа деген қызығушылығын одан әрі арттыруға үлкен септігін тигізеді.

Просмотров: 277


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст