Ғылыми-практикалық конференция өткізілді
Күнтізбелік жаңа 2018 жыл Бурабай ауданы білім бөлімінің мұғалімдеріне «Мектептің білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» атты үлкен ғылыми – практикалық конференциямен басталды. №7 мектеп – лицейінің қабырғасында ұйымдастырылған конференцияға ауданымызыдың барлық мектептерінен 390 мұғалім қатысты.
Заман талабына сай оқушылардың дарындылық қабілеттерін арттыру басты мәселелердің бірі. Бұл мәселе аясында ауданымызда үлкен жұмыстар жүргізілуде. 5 қаңтарда өткен аталмыш конференцияда да өзекті мәселелерге жауап пен шешімдер қарастырылды. Ғылыми –практикалық конференция екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезең, Бурабай ауданы білім бөлімінің басшысы Төлегенов Жангелді Мейрамұлының қатысуымен өткізілді. Дарынды балалармен жұмыс барысындағы ауданымыздағы қазіргі қалыптасқан жағдаймен таныстырылды. Ауданымыздың дарынды балалармен жұмыс жасауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік мектептер тәжірибелерімен, жұмыс жүйесімен бөлісті.
Конференцияның екінші кезеңінде ауданымызыдың мұғалімдері пән бойынша он үш секцияға бөлініп, тәжірибе алмасу, шеберліктерімен бөлісу, жоғары нәтижеге қол жеткізудің тиімді жолдарын қарастыру мақсатында жұмыстар атқарды.
Ғылыми –практикалық конференцияның аудан мұғалімдеріне берері мол болды. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы қиындықтар мен кемшіліктер ескеріліп, шешу жолдары қарастырылды. Тәжірибе алмасып, пән мұғалімдеріне үлкен көмек көрсетілді. Дәл осындай конференциялар дамыған елдің дарынды тұлғасын қалыптастыруға мұғалімдер үшін үлкен септігін тигізері анық.