Ертеңін ойлаған ел
2018 жылы 10 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауымен Қазақстан халқы танысты. Бұл жолдаудан біз еліміздің келешегі, бүгіні және болашақтағы даму жолдары туралы терең ақпарат алдық. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде тұрақтылық пен дамудың жақсы үлгісін көрсетіп, болашаққа нық басып келеміз. Бүгінде әлем жаңарып, қарқынды өзгерістерге еніп отырған жаһандану кезеңінде мемлекет басшысы ұсынып отырған басымдықтар мен бағыттардың
әрқайсысы Қазақстан халық үшін зор маңызы бар. Жолдаудан біз Қазақстан мемлекетін нығайту жөніндегі
іс-әрекеттердің нақты жоспарын көріп отырмыз. Сондай-ақ жолдауда болашақта әлемнің дамыған отыз елінің қатарынан көріну, жаңа сындар, жаңа нәтижелі озық сипаттағы іс-қимылдарға жол көрсетеді. Жаңа жетістіктерге қол жеткізу үшін не істеу қажеттігін айқындап қана қоймай, жолдаудағы ұсыныстарды жүзеге асыруда
белсенді болуымыз қажет. Он тармақтан тұратын жолдауда индустрияландыруда жаңа технологияларды енгізу, ресурстық әлеуетті дамытудан басталып, адам капитал-жаңғыру негізі салаларының даму бағыттары қамтылған. Осы бағыттардың ішінде ерекше мән бергенім білім беру бағыты, себебі өз мамандығыма байланысты.Үнемі өзгеріске еніп отыратын білім саласында өзіміздің озық жүйемізді құру қажеттілігі мен даму жолдары айқындалған. Мұнда орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу кезеңдері мен бағдарламалары айқындалып, педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелері көрсетілген. Аса мән беретін сала цифрлық білім беру ресурстары деп танылды. Қазіргі білім жүйесі ұлттық тарихымыз бен жаһанданудың, біліктілік пен ізденіс, табандылықтың кеңістігі
іспеттес. Сондықтан да педагогтар міндеті – білім мен құзыреттілікке қол жеткізіп қана қоймай, біздің қоғамды дамытушы, озық көзқарасы қалыптасқан саналы ұрпақ даярлау. Елбасы да бізден осыны талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстанның білім беру жүйесінде нәтижелі жұмыстар жүргізіліуде. Оны ойдағыдай атқаруға Қазақстанның әлеуеті толық жетеді.
№7 мектеп-лицейінің
тарих пәні мұғалімі:
Өтегенова Г.Б