‘Who knew?’ интеллектуалды ойыны
Қаңтар айының 30 жұлдызында «Knowledge is Power» «Сила в знании» атты ағылшын және орыс тілдері апталығы аясында 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен ‘Who knew?’ атты интеллектуалды сайысы өтті. Сайыс мақсаты ағылшын тілінде танымдық әрі қызықты сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін толықтыру және сөйлеу тілін дамыту болды. Сайыс екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімге 10 «Ә» сынып оқушылары Исмағанбетова Айгерім мен Абишев Әділ, қарсылас командада 9 сынып оқушылары Сайлаубаева Мадина мен Жанділдинов Райымбек қатысып, супер ойында жеңіліске жетті. Екінші бөлімде 9 сынып оқушылары Ахметжан Шыңғыс пен Серікбай Алмас, қарсылас топта Досантаева Дильназ бен Сейілбекова Диана қатысып, екінші топ жеңіске жетті. Көрмендер көмегі бойынша оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап бере алды. Ойын оқушыларға жан-жақты ойлауға, әр түрлі сала бойынша сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беруге көмектесті.