Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
«Ұлы дала елі» аудандық іс-шара
2018 жылдың 14 ақпан күні №7 мектеп-лицейінде «Рухани жаңғыру» мақала- бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Іс шара мақсаты туған жеріміздің тарихына, мәдениетіне, салт–дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру, азаматтардың бойында патриоттық тәрбие ұялату болды. «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылу салтанатының қонақтары – Бурабай ауданының әкімі Қ.С.Қарауылов, аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпанова, аудандық маслихаттың хатшысы Ө.Т.Бейсенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Қ.Жұмағұлов, облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы С.Т. Қожахметова, білім бөлімінің басшысы Ж.М.Төлегенов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.С Қарсыбаева, колледж, мектеп, балабақша басшылары, аудан кітапханашылары, еңбек ардагерлері және жоғары сынып оқушылары қатысты. Келген қонақтарды қазақ халқының ұлттық аспаптарымен ойналған күймен қарсы алып, этноауылға келіп, «Ауылым алтын бесігім» атты қазақтың салт дәстүрінен көрініс тамашалады. Сонымен қатар мектеп-лицейінің үйірме жұмыстарында жасалған оқушылардың қолымен жасалған ұлттық тағамдар мен қолөнер үлгілерінен көрмеге келіп, әр заттың жасалу жолы мен құрамымен танысты. Содан кейін қонақтарға мектептің спорт залындағы ұмыт болған ұлттық ойындардан өткізіліп жатқан сайыстар көрсетілді.
Ауданымыздың дарынды және талапты жастарының ғылыми жұмыстарынан көрме жасалып, үздік ғылыми жұмыстар таныстырылды. Ең соңында «Рухани жаңғыру» кабинетінің салтанатты ашылуына барды. Кабинет бірнеше бөлімдерден тұрды. Онда: «Туған өлке табиғаты», «Бурабайым – алтын бесік тербетілген», «Өткеннен елес», «Тарих беттерінен», «Тарихи тұлғалар», «Өткен күннің тарихы» атты бөлімдер тақырыбында фото суреттер таныстырылды. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бұрышы, онда кітаптар сөресі және латын әліпбиінің үлгісі көрсетілді. Теледидардан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы бейнеролик көрсетілді.