Текст
19.02.2018
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
Мектебімізде кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына арналған салтанатты шара өткізілді. Мектебімізге «Ақмола облысы ауған соғысының ардагерлер кеңесінің» төрағасының орынбасары Бралин Қанат Майқанұлы және А.В.Сиськов, Б.Б. Рахимов,О.А.Шандаренко, С.И.Кулемин есімді ауданымыздың ауған соғысының ардагерлері құрметті қонақ болды. Кездесуге 8-10 сынып оқушылары қатысты.Салтанатты жиынымыздың бірінші бөлімінде ардагерлер оқушылармен сұхбаттасты. Оқушылар бейбітшілік, соғыстың қасіреті, адам бойындағы патриотизм туралы сұрақтар қойды. Екінші бөлімде ардагерлерге шағын мерекелік концерт ұйымдастырылды.