«Критериалды бағалау-білім сапасын таразылаудың инновациялық үлгісі» атты аудандық семинар
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік , іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім мен шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындау. Былтырғы оқу жылынан бастап педагогика ғылымында мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енгізілуде. Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен
мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын ала оқушылардың барлығына белгілі, білім жетістіктерін бағалауға негізделген үрдіс. Бүгінгі таңда осы үрдіс өте өз деңгейіне жетіп келе жатыр. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби
құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Міне осы орайда №7 мектеп-лицейінде «Критериалды бағалау-білім сапасын таразылаудың инновациялық үлгісі»
атты аудандық семинар өтті. Семинар барысында шығармашыл ұстаздар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жаратылыстану 1 «Б» сынып «Жер ғаламшарының көрнісі» А.Х.Молдабаева .
Биология 7 «А» сынып «Рефлекстік доға » Оспанова Ж.Б.
Орыс тілі 5 «Б» «Интересное об одежде» Молдахметова. А.Х.
Математика 2 «Ә» сынып «Көбейту және бөлуге байланысты теңдеулер»
Алдабергенова. Н.Б. Ашық сабақтар жүргізілді. Әр сабақ өз деңгейінде өтіп әріптестерінің ықыласына бөлене білді.
Сонымен қатар Дөңгелек үстел ұйымдастырылып ұстаздар күнделікті тәжірибесімен бөлісіп баяндамалар оқыды.
«Критериалды бағалау жүйесінің оқушы жетістігіне әсері» Сейфуллина А.Е.
«Критериалды бағалау артықшылықтары » Сарсекеева Д.Ж.
«Оқушылардың оқу нәтижелерінің сапасын бағалауда мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту» Токмолдина Д.Ш.
«Сабақтың түрлі формалары арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын арттыру» Абылкасимова .А.Н. «Қалыптастырушы бағалау жолдары» атты тақырыпта Утегенова Г.Б.
Коучинг жүргізіп талдау жұмыстары ортаға саланып ұстаздар жан-жақты білім деңгейін саралап
тәжірибе алысты.
Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз.