Текст
«Қоғамдық-гуманитарлық циклдің үздік мұғалімі-2023» конкурсының соңғы кезеңі өтті. Конкурсқа аудан мектептерінің 14 мұғалімі қатысты. Байқаудың негізгі және анықтаушы сынақтарының бірі дәстүрлі турде сабақ болып қала берді. Сондай-ақ,мұғалімдер «Менің кәсібім-менің мақтанышым» атты өзін-өзі таныстыру, педагогикалық идеяларын, «Менің жетістігімнің қырлары» атты портфолиосын ұсынды. Әріптестері мен шәкірттерінің ілтипаты— педагог үшін жоғары марапат.Барлық конкурсқа қатысушылар шеберлік емтиханын сәтті тапсырды.
Мектебіміздің орыс тілі пәні мұғалімі Молдахметова Әсел Хамырханқызы жүлделі 1-орынға ие болды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!