Текст
Ыбырай Алтынсарин айтқандай “Әке мен бала достығы, ең қымбат құндылық “. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елін сүюге, адал еңбек етіп, жауапкершілікті сезініп өмір сүруге баулиды. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығы,салмақты сөзі бала тәрбиесіне ықпалы зор . Осы негізде, бүгін мектебімізде “Әкем - асқар тауым “ атты әкелер клубының салтанатты ашылу жиыны өтті. Жиынға мектеп оқушыларының әкелері қатысып, клуб мүшелерінің төрағасы бекітіліп, клубтың мақсатын талдап,әкелер клубының арнайы кабинетімен танысып, шағын концерттік бағдарламаны тамашалап қайтты. Мектебіміздің “әкелер клубы” жүйелі жұмыс жасап, белгілі бір сапалы нәтижеге қол жеткізеді деген сенімдеміз.