Текст
Бүгін мектебімізде, жауапкершілік айлығының аясында, 9-11 сынып оқушыларының арасында, "Не? Қайда? Қашан?" құқықтық зияткерлік ойыны өткізілді. Мақсаты: оқушылардың арасында құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы, құқықтық білімдерін арттыру. "Хрустальді Үкі" атағын - 10 "Ә" сынып оқушысы Қасымбек Дариға иемденді. "Үздік ойыншы" атағын - 10 "А" сынып оқушысы Мерғазез Олжас, "Үздік магистр" Альмуханова Айгерім атанды. Іс-шараны өткізген: тарих пәні мұғалімдері Касымова Ж.М, Сарсекеева Д.Ж.