Текст
Жауапкершілік — адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет, тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Мектебімізде Құндылықтарға негізделген білім беру жобасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба аясында 14 қыркүйек күні “Жауапкершілік” айының ашылуы өткізілді.