5 сыныптар аралығында «Тағзым саған, ұлы жеңіс» атты мерекелік іс – шара өтті.
9- шы мамыр өлшеусіз даңқтың, өшпес Қаһармандық ерліктің, халқымыздың шексіз, мұқалмас қайратының мерекесі. Ұлы Жеңіс күні бейбітшілікті сүйгіш барша адамзаттың мерекесі. Жеңіс күні бүгінгі жеңімпаз ұрпақтың балалары мен немерелері үшін жарқын да қасиетті мереке. 2019 жылы 26-шы сәуір күні Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мерекесіне арналған "Мың тағзым саған Ұлы Жеңіс" атты тақырыбында іс – шара 5 сыныптар арасында ұйымдастырылып өтті. Шара барысында қан майданда жанын құрбан еткен барлық жауынгерлерімізді еске алу құрметіне 1 минуттық үнсіздік жарияланды.Аталған іс – шараға 5 сынып оқушылары көріністерін көрсетіп, біраз рухани азық алды.Балаларға патриоттық сезімді оятып, аталған іс – шараға жауапты болған мұғалім Бәдел Марта.