Текст
Кітап біздің рухани жан азығымыз. Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт — дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.Жалпы мектеп жасындағы балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту үшін үлгілі мектептерде көптеген жұмыс атқарылуда.Бүгіннен бастап мектебімізде «Оқу сағаты» жобасы өз жұмысын бастады. Күн сайын сабақтан тыс уақытта оқушыларға 20 минуттай кітап оқуға, қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.