Текст
«Үздік Ұланбасы – 2017» жүлдегері
Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасылары арасындағы «Үздік Ұланбасы – 2017» облыстық байқауында Бурабай ауданының намысын қорғауға №7 мектеп-лицейінің 10 «А» сынып оқушысы Ахметова Индира қатысты.
Байқау «Таныстыру», «2016-2017 оқу жылында жүргізілген іс-шаралар есебі» және «Ұланбасының бір күні» (бейнеролик) сияқты кезеңдерден құралды. Барлығы он бес қатысушылар арасынан суырылып шыққан Индира жүлделі ІІ орынға ие болды. Мектеп-лицейіміздің Ұланбасын жүлделі жеңісімен құттықтап, алар белестері көп болсын деген тілектеміз!
Лицей» медиаорталығының жетекшісі Г.Б.Джакупова