Мектеп асханасы талапқа сай жабдықтармен жабдықталған Жылу, канализация, сумен қамтамасыз ету (суық, ыстық) қалалық желіден орталықтандыру арқылы іске асырылады, сыртқа тарату желдеткіш жұмыс істейді. Жарықтандыру табиғи және жасанды.
Тамақтану залы 320 отырғыш орындыққа есептелген. Жеке бас гигиенасын сақтау үшін оқушыларға арнап 12 раковиналар, қолдары үшін 2 электр құрғатқыш, 2 дозатор сұйық сабынмен орнатылған. Ас блогы құрамына ыстық цех аймақтары (үлестірме, дайындағыш, асхана және ас үй ыдыс-аяқты жуғыш, құрғақ азық-түліктің қоймасы, көкөністер үшін қойма, гардероб, персонал үшін дәретхана ).Технологиялық және тоңазытқыш жабдықтардан бар: өндірістік 4 конфорлық плита, 1 пісіру шкафы, тоназытқыш, 1 мұздатқыш камера, тестомес, микротолқынды пеш, азық-түлікті өлшеу үшін таразы, 1 электрлік термопот. Барлығы жұмыс істейді. Өндірістік үстелдер - 4, барлық бөлшектеу тақтайшалары таңбаланған.
Оқушылардың тамақтануын жалға алушы А.С Сыздықов
Асхана персоналы мен қамтамасыз етілген (аспазшы, аспазшының көмекшісі, наубайшы, таратушы, ас үй жұмыскері). Асхана ыдыс-аяқпен, асхана аспаптарымен, ас-үйлік ыдыс-аяқпен қамтамасыз етілген. Медициналық тексерістен асхана қызметкерлері өткен, санитарлық кітапшалары жұмыс орнында,СанПин-ға сәйкес арнайы киіммен қамтамасыз етілген.
Аз қамтылған отбасы, көп балалы, жетім балалар (ұсынылған анықтамаға сәйкес) жаппай оқу қорынан тегін тамақтанады. Қалған оқушылар ата-анасы есебінен тамақтанады.
Асхана жұмысын бақылау мақсатында мектеп бұйрығымен тамақтану сапасына бақылау бойынша комиссия құрылған. Комиссияға мектеп әкімшілігі, мектеп медқызметкері, ата-аналар комитетінің төрағасы кірді. Ай сайын жасалған жоспарға сәйкес асхана тексерісі өткізіледі: санитарлық жағдайына тексеріс, тағамды дайындау технологиясын орындау, дайын өнімнің шығуы, азық-түліктің сертификаттары, тоназатқышта тауарлық көршілестік, уақытында толтыру. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында асханадағы генералдық тазалау кестесі құрасырылған, СанПин-ға сәйкес аспазшының бұрышына ілінген аспазшы мен ас үй жұмыскері үшін нұсқаулықтар жасалған. Дезқұралдар мен сабын жуғыш құралдармен қамтамасыз етілген. Дезерітінді күнделікті дайындалады, тоназатқыш жұмысының температурасын бақылау жүргізіледі де арнайы журналға жазылады. Асхана персоналы күнде медқызметкермен іріңдік, вирустық ауруларға тексеріледі және лайықты журналға тіркеледі. №611 СанПин-ға сәйкес дайындалатын тағамның картотекасы жасалған. Онда тағамның нормасынан басқа ақуыз, май, көмірсуды санау және әрбір тағамның калориялығы, дайындау технологиясы бар. Мектептің медқызметкері күнде дайындалатын тағамның сынамасын алады және «Бракераждық журналға» нәтижесін тіркейді. Азық-түлік өнімдерінің сертификаттары жалға алушыда бар, мерзімінен шыққаннан кейін ауыстырылады. Тағамдар технологияға сәйкес дайындалады, салаттар жаңа көкөністен, пісірілген