"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №7 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления оброзования Акмолинской области"

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есеп 2022 жылға жария талқылау үшін

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес "Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсетеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 154;

 - қағаз түрінде - 17

 - "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы — 120;

 - Мемлекеттік корпорация арқылы - 17

№ 7 МЛ КММ 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді;

1) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 75;

2) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау – 0;

3) Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 1;

4) Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау-77;

5) Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру – 0;

            Халықты ақпараттандыру мақсатында №7 МЛ КММ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы қабылданған бұйрықтар мен осы қызметтерді көрсету жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Халыққа қолжетімділік және ақпарат беру мақсатында көрнекі ақпарат бар стенділер (стандарттар, өтініштер үлгілері және т.б.) орналастырылған. №7 МЛ КММ ресми Интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі жұмыс істейді, онда стандарттар, регламенттер, шағымдану тәртібі, Байланыс ақпарат орналастырылған.   

Ай сайын «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ-не 7 мемлекеттік қызметті көрсету бойынша ішкі мониторинг жұмысы туралы есеп беріледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылық жоқ.

            №7 МЛ КММ Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және оларды көрсету тәртібі көрсетілген стенд рәсімделген.

            Жауапты тұлғалар: Д.Ч.Сураганов, З.С. Шакиева, Ы.К. Болыспаева, А.Н. Жаркеев,  С.Е. Абилева "білім беру саласында Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету" тақырыбында біліктілікті арттырудан өтті 2018, 2020, 2022 ж.

            Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін одан әрі арттыру мақсатында №7 МЛ КММ-де 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және 2022 жылға арналған №7 МЛ КММ-де мемлекеттік қызмет көрсету туралы тұтынушыларды хабардар ету және ақпараттандыру жөніндегі Медиа-Жоспар бекітілді. №7 МЛ КММ Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне, сапасына және қолжетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.  

2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

Шағымданушы туралы мәлімет

Шағым мәні

Шағымды қарайтын және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау мерзімі

Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжат №

Қабылданған шешімдер

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

0

0

0

0

0

0

0

 

 

Директор                                           Д. Сураганов

 

Орын: С.Е. Абилева

Тел.: (8 716 36) 23 2 30


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.02.2023 18:56
Құрылған күні: 28.02.2023 18:53

Текст