Шыңнан көрінген «Шың» тобы!
Сәуір айының 15-16 жұлдызында Көкшетау қаласында мектеп оқушылары арасында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының кубогына ашық облыстық пікір – сайыс турнирі өтті. Турнирге №7 мектеп-лицейінен «Шың» тобы, құрамында Ахметова Индира, Бектасова Бекзат қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Барлығы 20 команда қатысқан турнирде алға суырылып, жартылай финалда Дарын мектебімен «Жастар саясатының жетістіктері мен кемшіліктері» тақырыбына ойнады. Ақтық сында Қазақ - түрік лицейі командасымен «Сапалы мамандарды дайындаудың бағдарламасын ұсыну» тақырыбына ойнап, жеңіске жетті. Жеңімпаздарымызға «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының кубогы мен мақтау қағазы табысталды. Ойыншыларымызды шын жүректен құттықтап, келешекте биік белестерден көрінулеріне тілектеспіз!
«Лицей» медиаорталығының жетекшісі Г.Б.Джакупова